Бестөбе кенті кітапханасында «Қоғамда жемқорлыққа жол жоқ» атты ересек адамдармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; Отанына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Алдымен сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқталдық.Жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з.б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманының құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептерінің бірі осы сыбайлас жемқорлық. Дөңгелек үстел барысында талқыланған өзекті мәселелер: сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады? Пара бермеу және алмау, жемқорлыққа байланысты мысалдар, сұрақ -жауаптар қойылып өзекті мәселелер өз шешімін тапты деген ойдамын.

Қоғамда жемқорлыққа жол жоқ

Пікір үстеу