Бестөбе  кенті  кітапханасында «Семей ядролық полигоны» тақырыбында тарих сабағы өткізілді. Мақсаты:  семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік бере отырып, пікір алмасып, ойларын ортаға салу.

          Балалардың  санасына  Семей ядролық полигонның адамға  үлкен қасірет  әкелгенін, осы уақытқа  дейін оның зардабын  тартып келе жатқанын  нақты  деректермен  түсіндірілдіп, көрсетілді.

          Тарих   сабағы  барысында «Семей полигонын  әлемге әйгілі ақиық ақын Олжас Сүлейменовтің «Невада-Семей» тақырыбындағы  әңгімелер қозғалып,  сын — пікірлер айтылды. Оқушылардың  ашық, жүйелі түрде сөйлей білуі, қосымша деректерді  пайдалана білуі,  ізденушілік, шығармашылық жұмыстарына да мән берілді. 

«Семей ядролық полигоны» – Бестөбе кенті кітапханасында

Пікір үстеу