Бестөбе кенті кітапханасында Абай Құнанбаевтың 176 жылдық мерейтойына арнап, оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Аталған іс – шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты. Олар: 1 сынып оқушылары Бейсенбай Арнұр, Тлеубердиева Адина, 2- сынып Сансызбай Жаһангер, 3 сынып Еснаева Мерей.

Абай шығармашылық жолында өз орнын ойып тұрып қалап кеткен ақын. Ұлтымыздың мақтанышы. Қай халықтың болмасын өсіп-өркендеуі, ақыл-ойы мен санасының, әдебиеті мен мәдениетінің, өнері мен білімінің – қысқасы, бүкіл рухани жан дүниесінің дамуы, жалпы адамзаттық өркениетке ұмтылысы – сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами болмысы мен рухына іргелі бетбұрыс жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз байланысты.

https://youtube.com/watch?v=dO_l8vwtmkQ
Абай Құнанбаевтың 176 жылдық мерейтойына арнап – Бестөбе кенті кітапханасында

Пікір үстеу