Бестөбе кенті кітапханасы 31- мамыр қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Азалы күндер жаңғырығы» атты бейнеролик ұсынады. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Бұл күні тек қуған-сүргін құрбандарының туған-туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс.

Лагерлерде қазақ мәдениеті мен ғылымына, ағарту саласына еңбегі сінген интеллигенция өкілдері азап шекті. … Жаппай қуғын-сүргін бұрынғы Кеңес Одағының бірде-бір халқын айналып өткен жоқ. Қазақстанға әр жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасылары, 507 мың Солтүстік Кавказ халқы жер аударылды. Бұл жылдары барлығы 1 млн. 500 мың ұлт өкілдері жер аударылған. Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алатын күн. Сол себептен бұл күні азалы күн болып табылады.

«Азалы күндер жаңғырығы» – Бестөбе кенті кітапханасы

Пікір үстеу