2021 жылдың жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына-30 кітапты насихаттау мақсатында балалар бөлімі бойынша балалар жазушысы, публицист Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» кітабы алынды. Үлгілі балалар кітапханасы Марат Қабанбаевтың “Жиһанкез Тити” кітабы бойынша бейне-саяхатты ұсынады.

Марат Қабанбаевтың “Жиһанкез Тити” – Үлгілі балалар кітапханасы

Пікір үстеу