“Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы оқырмандар арасында қалыптасқан дәстүрге айналып келеді. Аталған жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. 2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Орталық қалалық кітапхана Жоба аясында поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан» атты шығармасына бейнешолуды ұсынады.

Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан» шығармасына бейнешолу

Пікір үстеу