Бүгін орталық қалалық кітапханада жүйенің  мамандарына арналған кітапханалық сағат өтті. Кітапханалық сағат барысында мамандармен «Амандасу», «Хор», «Ынтымақ-Бірлік» тренингтер өткізілді. Кітапхана әдіскері У.К. Бухабаева мен ақпаратты-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Г.К. Серикпаева ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына талдау жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі А.К. Ильясова биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына таңдалған кітаптарға түсінік беріп, Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық мерейтойына  өткізілетін іс-шараларға тоқталды.

Кітапханалық сағат

Пікір үстеу