«Мақтан етем қазағымның дәстүрін» атты этнографиялық кеш

Жаһандану дендеген қазіргі таңда ұлттық құндылықтарға айырықша басымдықтар берілуде. Ұлттың ұлт болып сақталуы да ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің қаншалықты сақталуына байланысты.Осы орайда орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Мақтан етем қазағымның дәстүрін» атты этнографиялық кеш ұсынады.

Наурыз мейрамы мерекесіне орай – Бестөбе кенті кітапхана

Бестөбе кенті кітапхана ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы мерекесіне орай ересек адамдар арасында викториналық сұрақтар өткізілді. Бұл өткізілген іс – шараның мақсаты қазақтың ұлттық мерекесі наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Салт – дәстүрді құрметтеуге баулу. Мерекелік көңіл –күй сыйлау және елге, жерге