Ызғары бар демесең, желтоқсан қазақ үшін қашаннан қастерлі. Мәселен, 1991 жылы тап осы айда тарихи оқиғаны бастан кешіріп, егемен еліміздің алғашқы Президентін сайладық. Қазір бүкіл жаһан жұрты Нұрсұлтан Назарбаевты көреген саясаткер ретінде мойындайды. Ал Қазақстанмен дамуы қарқынды мемлекет ретінде санасады.  Еліміздің тұтқасын ұстап, туын көтерген тұғырлы басшы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының ерең ерлігін паш етуге арналған  «Елбасы – бейбітшілік пен келісім кепілі» атты шараны орталық қалалық кітапхана 3517 әскери бөліміне барып өткізді.

Шара барысында кітапханашылар Елбасының өмір жолы мен еңбектерін таныстырып, «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты кітаптары бойынша презентация және кітап көрмесі ұсынылды. Кейін Елбасы жайлы арнайы фильмнен үзінді тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында 3517 әскери бөлім командирі полковник Наукеев Манат Қасымбекұлы құттықтау сөз сөйледі.

«Елбасы – бейбітшілік пен келісім кепілі»

Добавить комментарий