Не? Ойын
Қайда? Кітапханада
Қашан? 16.05.2019 ж.


Степногорск қ. орталық қалалық кітапханада 2015 жылдан бері «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы жұмыс жасап келеді. Клуб мүшелері – қаланың белсенді жастары. Клуб аясында 16-мамыр күні «Өшпес ерлік іздері» тақырыбымен Қазақстан тарихы бойынша зияткерлік финалдық ойын өтті. Шараға маусымдық және жартылай финалдық ойыннан озып шыққан №5 КМЛ және №4 «Болашақ» мектеп-интернатының, тау-кен техникалық колледжінің командалары қатысты.

Мәңгілік ел мекенін қорғаған батыр аталарымыздың батырлық, ерлік, қаһармандық істеріне, шығармашылығына арналған сұрақтар қойылып, қара жәшік, блиц ойыны да ойнатылды. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Командалардың ұпай сандары есептеліп, ең жоғары балл жинаған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының командасы 2019 жылдың жеңімпаз командасы аталды. Ойын шарты бойынша «ауыспалы үкіні» 2018 жылдың жеңімпазы №5 КМЛ командасының топ басшысы Юнусов Бағдат 2019 жылдың жеңімпаз командасының топ басшысы Сиражев Бахтиярға табыс етті.

 

 

«Не? Қайда? Қашан?»

Добавить комментарий