Республика күні қарсаңында Орталық қалалық кітапханада «Қазақстан — менің мақтанышым, менің Отаным, менің болашағым!» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Степногорск қалалық мүгедектігі бар адамдар қоғамы — «Ерлік» ұйымының және «KOS» қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды. Кітапханашы баршаны келе жатқан мерекемен құттықтап, оның шығу тегі туралы әңгімеледі және тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасады. Қонақтар Қазақстанның дәстүрлері, мәдениеті, табиғаты мен тарихына қатысты викторина сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ балалық шақтан таныс әуендерді тауып, көңілді уақыт өткізді. Кездесу жылы шырайлы шай отырысымен аяқталды. Бұл кездесу барлық қатысушыларға сұхбат қуанышын, мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Қазақстан — менің мақтанышым, менің Отаным, менің болашағым!» әдеби-музыкалық кеш

Добавить комментарий