30 қазан Үлгілі балалар кітапханасында күзгі демалыс кезінде Ы. Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушыларына «Ертегілер әлеміндегі демалыс» атты әдеби микс өткізілді. Кітапханашылар балалармен бірге викторинаның сұрақтарына жауап бере отырып, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. Оқушылар «Ертегінің кейіпкерін және ертегіні тап», «Мұны кім айтты?», «Артығын тап» атты тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа әсер сыйлады!
«Ертегілер әлеміндегі демалыс» әдеби микс
