29 қазанда Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімінде Үмбетей Тілеуұлының шығармашылығына арналған «Батырлар даңқын жырлаған жырау» атты библиокараван өткізілді. Іс-шараға ВГИК-тің 2СКД-25 тобының студенттері шақырылды. Библиокараван қатысушыларды қызықты саяхатқа бастап, жол бойында түрлі тапсырмаларға толы аялдамалар ұйымдастырылды. Студенттер жыраулар поэзиясына қатысты терминдердің мағынасын ашып, Үмбетей жыраудың өлең жолдарын құрастырды. Сонымен қатар Бөгенбай батырдың қазасы туралы хабарды Абылай ханға оның қайғысын жеңілдететіндей етіп жеткізуге тырысты. Әр тапсырманы орындаған сайын қатысушылар кодтық сөздерге ие болып отырды. Ойын соңында сол сөздерді біріктіріп, Үмбетей жыраудың шығармасынан алынған қанатты сөзді құрастырды.

«Батырлар даңқын жырлаған жырау» библиокараван

Добавить комментарий