Орталық қалалық кітапханада өткен «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты тағылымды кездесу кешіне «ӘDILET» партиясы Степногорск қалалық филиалының төрағасы Альжанов Абай Еламанұлы арнайы қатысып, қарияларға деген құрметін білдірді. Іс-шара барысында Абай Еламанұлы демеушілік көрсетіп, ақ дастарқан жайып, үлкендерге ізет пен сыйластық танытты. Ақ дастарқан басында қарттарымыз жылы лебіздерін білдіріп, жастарға ақ баталарын берді. Осындай игі шаралар аға буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады. Қамқорлық танытып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Альжанов Абай Еламанұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толағай табыс, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз!

«Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» тағылымды кездесу кеш

Добавить комментарий