Қалалық кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» бастамасы аясында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы «Алмас қылыш» тарихи романы бойынша лекторий ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР ІІМ КҚБК Ақмола облысының МКҚБ қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында қатысушылао туындыда суреттелген Қазақ хандығының қалыптасу тарихымен, Керей мен Жәнібек хандардың ел тәуелсіздігі жолындағы қызметімен танысты. Сондай-ақ шығарманың тарихи шындығы, көркемдік құндылығы және ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы жөнінде пікір алмасып, қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орнына ерекше тоқталды.
«Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру»
