Қалалық кітапханада Ұлттық домбыра күніне орай «QazaQQuiz» интеллектуалды-танымдық сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараға 3517 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар «Аңыз домбыра», «Салт сана», «Күй құдіреті» сынды кезеңдерде өз білімдерін көрсетіп, ұлттық мұрамызды ұлықтады. Зияткерлік дода сарбаздардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, білімдерін шыңдауға және командалық бірлікті нығайтуға бағытталды.
«QazaQQuiz» интеллектуалды-танымдық сайыс
