№3 КМЛ «History up» клубының қатысушылары Степногорск қаласы бойынша ерекше саяхатқа шықты. Олар кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі дайындаған «Степногорск көшелерімен серуендейік» атты аудиоэкскурсияға қатысты. Бағыт қаладағы көрікті әрі тарихи орындар арқылы өтті. Ескерткіштердің жанында қатысушыларды қала көрнекіліктерінің тарихына байланысты қызықты сұрақтары бар QR-кодтар күтіп тұрды. Дұрыс жауап табу үшін аудиоэкскурсияны мұқият тыңдау қажет болды. Ең жылдам әрі зейінді қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды. Бір сағаттың ішінде оқушылар таныс көшелерге жаңа көзқараспен қарап, туған қалаға деген сүйіспеншілік оның тарихына қызығушылықтан басталатынына көз жеткізді.

«Степногорск көшелерімен серуендейік» аудиоэкскурсия
Tagged on:         

Добавить комментарий