Ұлы дала – біз үшін құнды алтыннан,
Именбейді әлемде кім даңқымнан?
Жеті қыры жарасқан бұл далада
Сегіз қырлы, бір сырлы ұлдар туған….

 

Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз туралы келелі мәселерді талдау мақсатында, орталық қалалық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша «Ұлы дала тұлғаларының еңбектері» атты видео-флешмоб ұйымдастырылды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы туралы жан-жақты мәлімет алып, маңызды ой түйіп, мақалада айтылған ой-пікірлерді әр қарай іске асыруға №5 КМЛ 11 «А» сынып оқушыларымен №9 ОМ 8 «Ә» сыныптары қатысты. Оқушылар жан-жақты білімділіктері мен өз өнерлерін көрсетті.

«Ұлы дала тұлғаларының еңбектері» видео-флешмоб

Добавить комментарий