Орталық қалалық кітапханада 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – елдің берекесі» атты бірлік алаңы өткізілді. Тағылымға толы шараға Л.Н Толстой атындағы №4 мектеп гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы мерекенің мәні мен маңызына тоқталып, еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен достықтың үлгісі туралы кеңінен әңгімеледі. Шара барысында 4 кезеңнен тұратын қызықты топтық ойын өтті.
1-кезең – «Ұлттар галереясы», 2-кезең – «Ұлттың өрнегі – Ұлттық дәмі»,
3-кезең – «Кім жылдам?», 4-кезең – «Ұлттық би батл». Топтық жарыстарда оқушылар өз білімін, өнерін, тапқырлығын паш етіп, ерекше белсенділік танытты. Жеңімпаздар мен үздіктер дипломдармен марапатталып, қошеметке ие болды. Шара соңында «Достыққа толы шаңырақ» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқушыларға Қазақстанның көпұлтты құндылығы мен рухани байлығы дәріптелді.
«Бірлік – елдің берекесі» бірлік алаңы
