Орталық қалалық кітапханасында 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай «Жүрек үні – махаббат шуағы» атты эпос кеші өтті. Шараға Қаныш Сәтпаев атындағы №9 ЖОББМ-нің 10 «А» сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында мерекенің мәні мен тарихы таныстырылып, қатысушылар «Жұп жүректер» ойынына белсене араласып, махаббат тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шараның құрметті қонағы – жас ақын Оспанов Еламан Аманұлы оқушылармен еркін пікір алмасып, өз шығармаларын оқып, рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, «Махаббат – мәңгілік тақырып» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кеш соңында қатысушылар «Шын ғашықтар» әнін бірге шырқап, әсерлі кешті қорытындылады.

«Жүрек үні – махаббат шуағы» эпос кеші
Tagged on:     

Добавить комментарий