2026 жылғы 3 сәуір күні Степногорск қаласының Орталық қалалық кітапханасында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Жобаларды тиімді жүзеге асырудағы үздік тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар-практикум бастау алды. Семинар аясында қатысушылар кітапхана саласындағы жобаларды жоспарлау, іске асыру және бағалау кезеңдері бойынша тәжірибе алмасады. Табысты жобалар мысалдары таныстырылып, олардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады. Заманауи тәсілдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы инновациялық жобаларды дамыту, жаңа идеяларды жүзеге асыру және оқырманға бағытталған қызмет сапасын арттыру мәселелері талқыланады. 2025 жылдың қорытындысы жарияланып,2026 ж жоспарлары талқыланды. Кітапханашыларға кәсіби байланыс орнатып, жаңа серіктестіктер мен бірлескен жобаларды бастауға мүмкіндік берді.

«Жобаларды тиімді жүзеге асырудағы үздік тәжірибелер» облыстық семинар-практикум

Добавить комментарий