1 сәуір Үлгілі балалар кітапханасында Балалар кітап апталығының ашылуына орай «Ертегілер ордасы жол тартуға шақырады» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараға Қ. Сәтпаев атындағы № 9 ЖОББ мектебінің 5 сынып оқушылары, кітапхананың ең үздік оқырмандары мен ата-аналары, «Қазына» би тобы қатысты. Мерекелік кеш жасанды интеллект (ЖИ) кейіпкерінің құттықтауымен және жүргізушілердің балалар кітап күнінің тарихы туралы әңгімесімен басталып, Орталық қалалық кітапхана басшысы Айтпаева Баян Ермековна қонақтарға жылы лебізін білдіріп, құттықтады. Сердалина Даяна мен Үсенбаева Бағжан «Ер тұран» мен «Желдірме» күйлерін, Жаңабаева Еркежан, Мұсабай Ілкәй, Карабаева Дания «Балдәурен» әнін орындады. «Қазына» би тобы «Зәуреш-ай» хореографиялық композициясы көрермен назарына ұсынды; «Алдар Көсе» және «Хаос» сияқты қозғалмалы ойындар ойнады; «Нейросеть-потеряшка» зияткерлік викторинасында балалар күрделі ғылыми тұжырымдармен жасырылған классикалық ертегілердің желісін үлкен қызығушылықпен тапты. Кітапхананың үздік оқырмандарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Үлгілі балалар кітапханасы іс-шараға демеушілік көрсеткен «Степногорск Энергокомплекс» ЖШС Бас директоры Ысқақов Мақсат Нұртазаұлына, «Лимфаси» ЖШС Бас директоры Киноятов Данияр Абайұлына алғыс білдіреді.

«Ертегілер ордасы жол тартуға шақырады» әдеби кеш

Добавить комментарий