2026 жылғы 13 наурыз күні кітапханада Қазақстан ғарышкерлігінің жетістіктеріне және атаулы даталарға арналған Space Qwiz «Байқоңыр коды» атты интеллектуалдық-шытырман квиз өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының ғарышкері, Халық қаһарманы Талгат Мусабаевтың туғанына 75 жыл толуына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 35 жыл толуына арналды. №3 КМЛ-дің 8-сынып оқушылары үшін бұл күн нағыз ғарыштық шытырманға айналды. Саяхат 8 станциядан – 8 планетадан тұрды, әрқайсысы өзіне тән қызықты сынақтары мен тапсырмаларын ұсынды. Бір станцияда оқушылар ғарыш зерттеушілеріндей болып, қызықты химиялық және физикалық тәжірибелер жасады. Екінші станцияда өздерінің «ғарыштық» ептілігі мен шапшаңдығын сынап көрді. Ал үшінші станцияда білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және топпен жұмыс істей білу шеберліктерін көрсетті. Space Qwiz «Байқоңыр коды» ойыны арқылы жасөспірімдерді ғылымды және өз елінің тарихын тануға шабыттандырудың жарқын үлгісі болды.
Space Qwiz «Байқоңыр коды»
