17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі «Цифрлық дәуірдегі шаңырақ құндылығы» атты интерактивті этно-tech кешін өткізді. Шараға үлгілі әулет шақырылып, жастармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Қонақтар отбасылық бірлік, сыйластық пен татулықтың маңызытуралы ой бөлісіп, қоғамның берік іргетасы – отбасы екенін атап өтті. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибеге негізделген құнды кеңестер алды. Этно-tech кеш барысында цифрлық таныстырылымдар, интерактивті тапсырмалар мен танымдық ойындар ұсынылып, ұлттық құндылықтар заманауи форматта насихатталды. Шара қатысушыларға жылы әсер сыйлап, отбасы құндылығын терең сезінуге мүмкіндік берді.
«Цифрлық дәуірдегі шаңырақ құндылығы» интерактивті этно-tech кеші
