Үлгілі балалар кітапханасында Наурыз мерекесіне орай ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған «Ethno Open Games Fest» атты арт алаңы өтті. Мерекелік шараға Бөгенбай батыр атындағы ООРММИ-дің 7-сынып оқушылары қатысып, ұлттық дәстүр мен өнерге арналған қызықты бағдарламаның куәсі болды. Кітапханашылар қатысушыларға қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы мазмұнды мәлімет беріп, заманауи технологияны пайдалана отырып, жасанды интеллект арқылы қазақ ертегілерінің әйгілі кейіпкері Алдар көсе бейнесі таныстырылды. Көпшілікке ерекше әсер қалдырған «Тұсау кесер» дәстүрін көрсетіп, ұлттық өнердің көркемдігін паш етті.
Музыкалық бөлімде Алмас Нұрсауле «Наурыз» күйін, Замира мен Ботагөз «Ертұран» күйін шебер орындап, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Ethno Open Games Fest» арт алаңы
Tagged on:     

Добавить комментарий