Нәзіктік пен сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Осы ерекше күнге орай Орталық қалалық кітапханасы барша әйел қауымын шын жүректен құттықтайды. Әйел – отбасының берекесі, өмірдің шуағы, қоғамның көркі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен даналықтарыңыз, еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыз әр шаңыраққа жылулық пен шаттық сыйлайды. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен қуаныш, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әр күніңіз шаттыққа толы болып, көктемдей құлпырып жүре беріңіздер!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Добавить комментарий