Степногорск қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Үлгілі балалар кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырған дәстүрлі «Алыс галактикаларға саяхат» атты әдістемелік сағат өтті.
Біз «Ғарышкерлер – ел мақтанышы» атты кітап көрмесін ұсынып, қатысушылармен бірге ғарыш кеңістігіне қызықты Kids-Space саяхатын жасадық. Ғарышты игеру тарихы, ғарышкерлердің қызметі және «Поле Чудес» телебағдарламасы аясындағы ойын тапсырмалары арқылы Әлем құпияларына деген қызығушылықты оятуды мақсат еттік.
Іс-шара заманауи кітапханалық жұмыс түрлері мен жасанды интеллект мүмкіндіктерінің танымдық қызығушылықты, ойын технологияларын және адамзаттың ұлы жетістіктері туралы мазмұнды диалогты тоғыстыра алғанының жарқын үлгісіне айналды.

«Алыс галактикаларға саяхат» әдістемелік сағат

Добавить комментарий