Орталық қалалық кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Алғыс Live» атты open mic форматында іс-шара өтті. Тағылымды кешке 3517 әскери бөлімінің сарбаздары арнайы қатысып, кітапхана ұжымы тарапынан ерекше ілтипатпен, жылы ықыласпен қарсы алынды. Шара барысында қатысушылар жасанды интеллектпен шағын LIVE диалог құрып, мерекенің тарихы туралы ақпарат алды, сондай-ақ «Алғыс» әні шырқалып, сарбаздар оны бірге орындады. Шара соңында сарбаздарға арналып ақ дастарқан жайылып, еркін әңгіме мен ізгі тілектер жалғасын тапты. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген Отан қорғаушыларына мың алғыс білдіреміз! Ерлік пен елдік жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

«Алғыс Live» open mic
Tagged on:

Добавить комментарий