Үлгілі балалар кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Жырлайды жүрек жырыменен» атты әдеби кеш өткізілді. Іс шараға Бөгенбай батыр атындағы ООРММИ 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы ақынның қысқаша өмір жолынан алынған деректерге, отбасы, ұрпағы жайлы біраз мәліметке назар аудартып, шығармалары туралы толық мағлұмат берді. «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесімен таныстырды. Оқушылар ақынның «Әке», «Ана», «Үшбақытым», «Отан» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Жалаң аяқ қыз» әнін орындады.

«Жырлайды жүрек жырыменен» әдеби кеш

Добавить комментарий