Орталық қалалық кітапханада «Мамандықтар әлеміне тур» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға Сәкен Сейфуллин атындағы №5 мектеп-лицейінің 9 «Ә» сыныбы және А.С. Пушкин атындағы №3 мектеп-лицейінің 9 «А» сыныбының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақтар өздерінің кәсіби жолы мен өмірлік тәжірибелері туралы айтып, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Шара соңында кітапханашы оқушыларды «Кәсіп – өмір айнасы» атты мазмұнды кітап көрмесімен таныстырып, Е. Климовтың кәсіби бағдарлау тестілеуін өткізді. Бұл жұмыс оқушылардың болашақ мамандық таңдауда өз қабілеттерін анықтауға мүмкіндік берді.
«Мамандықтар әлеміне тур» кәсіптік бағдар
