4 желтоқсанда Үлгілі балалар кітапханасында Чебурашканың туған күніне арналған «Чебурашка және оның достары: күлкі мен қуаныш күні» атты глаМУРкин вернисажы өтті. Іс-шараға Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 3 «В» сынып оқушылары шақырылды. Кітапханашы кітап көрмесін таныстырып, Эдуард Николаевич Успенскийдің өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ барлығымыздың бала кезден жақсы көретін кейіпкерлердің қалай пайда болғаны жайлы әңгімеледі.
Балалар викторина сұрақтарына жауап беріп, музыка мен күлкі арқылы «Дом дружбы» құрып, «Ушки Чебурашки все слышат», «Помоги принять решение Чебурашке» секілді түрлі байқауларға белсенді қатысты.
Бұл шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды, дүниетанымын кеңейтті әрі достықтың әр адамның өмірінде маңызды рөл атқаратынын түсінуге ықпал етті!

«Чебурашка және оның достары: күлкі мен қуаныш күні» глаМУРкин вернисаж

Пікір үстеу