Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімінде Халықаралық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Зорлыққа жол жоқ: біз тең құқықты қолдаймыз» атты ашық әңгіме өтті. Іс-шараға А. Құнанбаев атындағы № 6 МГ 9 «А» сынып және А. Байтұрсынұлы атындағы № 2 ЖОББМ 11 «А» сынып оқушылары қатысты. Мектеп психологтары қатысып, мектептегі және интернеттегі буллинг мәселелері түсіндірілді. Кітапханашы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және тең құқықты қоғам қалыптастыру жайлы ақпарат берілді. Қатысушыларға әлеуметтік ролик көрсетіліп, оның мазмұны бойынша пікір талас жүргізілді.

«Зорлыққа жол жоқ: біз тең құқықты қолдаймыз» ашық әңгіме

Пікір үстеу