Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері 1-2 желтоқсан күндері М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект» тақырыбындағы курсқа қатысты. Курстың авторы, әрі жетекшісі – ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысының ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары, ІТ саласының білікті маманы Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов қатысушыларға жасанды интеллектің заманауи технологиялары, олардың негізгі қағидаттары және мәдениет саласындағы тиімді қолдану мүмкіндіктері жөнінде жан – жақты ақпарат ұсынды. Кітапхана басшысы Айтбаева Б.Е., қызметкерлеріміз Жусупбаева А.Ж., Амреева А.Е., Жунусова М.А., Бейсекенова А.А., Сұлтан З.М. оқыту бағдарламасын толық меңгеріп, сертификаттарға ие болды.






