4 желтоқсан Үлгілі балалар кітапханасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың өлең әлемі» атты поэзия кешін ұйымдастырды. Іс-шараға Бөгенбай батыр атындағы спорт мектеп-интернатының 7 «А» және 8 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, бейнеақпараттар ұсынып, «Абай әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырды. Оқушылар ақынның «Ғылым таппай мақтанба», «Табиғат лирикасы», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
«Абайдың өлең әлемі» поэзия кеш
