Құрметті әріптестер!
Мына инновациалық іс-шаралардың жаңа түрлерін жұмыстарыңызда қолдануға кеңес береміз!

Шок-урок – өте өзекті мәселелерге арналған тақырыптарда видеослайд, бейнеофильм көрсету арқылы түсіндіріліп өткізіледі, мысалы, СПИД, есірткі, темекінің зияны, экстремизм және т.б.

Әдеби вернисаж (литературный вернисаж) – ақын-жазушылар шығармаларында әдебиет, мәдениет, өнер саласындағы қайраткерлерге арналған әдеби портреттер бар. Бұл ойын түрінде өткізіледі – 2 топқа бөлініп, 1-ші топ “әдеби портреттегі” кейіпкерге аннотация беріп шығармасынан үзінді оқиды, 2-ші топ сол кейіпкерді табу керек.

Оқырман бенефисі – бір оқырманның құрметіне жасалған кешенді іс –шара.  Кітапханалық кездесудің кейіпкерлері – қандай болсын білім саласына (тарих, техника, медицина және т.б.)  немесе жанрға (фантастика, поэзия және т.б.) қызығушылықпен қарайтын оқырмандар. Бенефициант-оқырман белгілі талаптарға сай болу керек: жан-жақты дамыған, ашық тұлға болу тиіс.  Бенефиске дайындалған кезде кейіпкер оқылған кітаптар немесе өзінің оқырман  ерекше ықыласының  принцип бойынша көрме ұйымдастырады (кітапханашы көмегімен).   Іс-шарада бенефециант оның тақырыппен (жанрмен) қалай және қашаннан бері айналысатын   туралы айтып береді, кітап таңдау әдістермен бөліседі, оқылған кітаптарға баға бере алады.  «Оппонент» ретінде оқырмандар шығады – құрдастар және т.б.  Атақты (жазушылар, суретшілер, әртістер, саясаткерлер және т.б.), сонымен бірге атағы аз шыққандар, бірақ қызықты адамдар – коллекция жиюшылар, саяхатшылар, көп балалы аналар және т.б болуы мүмкін.  Жазушы бенефисі – бұл ең үздік оқырмандарды насихаттау, достарының көзінше олардың абыройын  жоғарылатудың нәтижелі құралы.

Кітапханалық калейдоскоп – кітапханашы күніне арналып өткізуге болады, әр филиал өз іс-шарасын театрландырылған көріністе көрсетіледі, мысалы кітапхана өмірінен немесе пайдаланушы мен кітапханашы арасындағы қызықты жағдайлар туралы және т.б.

Библиографиялық шолу – құжаттардың қысқаша мазмұны сипаттарымен  орынды әңгіме түрінде жасалған  ашық ауызша хабарландыру. Шолулар түрлері: ақпараттық, ұсыным, тақырыптық, жеке, кітап пен журналдарды, библиографиялық құралдар, әдебиеттің және басқа құжаттардың арнайы түрлерін шолу. Ақпарат берген және ұсынған кезде өту қисының шекараларын сақтау маңызды. Шолу үш бөлімнен құрылады: кіріспе, негізгі және қорытынды. Көпшіліктің назарын аудару үшін, шолуды оқырмандарға арналған сұрақтан бастауға болады, мысалы, оның тақырыбы, мақсаты. Шолудың кіріспе бөлімінде тақырыптың қысқаша сипаты беріледі, оның маңызы, әдебиеттің тандау принциптері, оның шолу құрамындағы топталануы түсіндіріледі. Негізгі бөлімінде – шығармалар туралы әңгіме. Оның әрқайсысы туралы мәлімет беріледі (автордың тегі; шыққан мәліметтер, мақсаты және оқырман міндеті, анықтама аппараттың болуы, шығарма мазмұнын ашатын аңдатпа, бар болса шығармаларға арналған рецензия). Қорытынды бөлімінде барлығы айтылғанға қорытындысы шығарылады, шолу тақырыбының мазмұнына жақын қосымша басылымдар аталу мүмкін, сонымен бірге осы тақырып бойынша библиографиялық құралдар ұсынылу мүмкін.  Шолуға байланысты жалпы әдіс талаптары: жиналған кітаптардың көркем құндылығы, баяндаудың қол жетерлігі мен қызықтылығы, тындаушыларды қарқындату талабы, ұсынған кітаптарды оқуға олардың қалауын ояту, шолу жұмыстың дербес түрі болып табылады, бірақ жиі кітап көрменің жанында өткізіледі, әдеби кешті, кітапты талқылау, әдеби ойындарды бастайды немесе аяқтайды.

Маман күні – (маман онкүндігі) – бірнеше мамандық мамандарын қызықтыратын нақтылы маман бойынша (оқытушылардың және т.б.) немесе салааралық тақырып бойынша оқырмандарға кең ақпарат беруге арналған кешенді іс-шара.  Ұсынылады: мамандық бойынша ашық қарап шығулар мен әдебиеттің тақырыптық көрмелер; библиографиялық шолулар, консультациялар мен мамандықтардың атақты өкілдерімен кездесу, дәрістер, шығулар, экскурсиялар, мамандық мәселелердің кең талқылау, пікірталастар, бейне материал қарап шығу.Ұзақтылығына қарағанда: Маман аптасы, маман онкүндігі. Іс-шараның кезінде немесе одан кейін қажетті деректемелердің немесе көшірмелердің беруін қамтамасыз ету маңызды.

Поэтикалық марафон – шағын алаңда белгілі бір ақынның поэзиясын бірнеше оқырманның кезектесіп мәнерлеп оқып шығуы.

 

Мына инновациалық іс-шаралардың жаңа түрлерін жұмыстарыңызда қолдануға кеңес береміз!

Добавить комментарий