Орталық қалалық кітапханада «Ақсу — кіелі мекен, кенді өлкем» атты тағылымды кітаптың тұсаукесері салтанатты түрде өтті.
Жаңа еңбекте Ақсу ауылының қалыптасу тарихы, дамуы, өркендеуіне үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы мен қызметі кеңінен қамтылған. Бұл кітап — туған жерді терең тануға, оның қадірін сезінуге жетелейтін шырақ іспетті.
Ізгі ниет белгісі ретінде кітапханаларға екі дана кітап сыйға тартылды: бірі — Ақсу ауылдық кітапханасының, екіншісі — Орталық қалалық кітапхананың төрінен орын алды.
Туған жеріңнің тарихына бойлау — өз тамырыңды тану. Ал осындай құнды еңбектер сол тамырды терең сезінуге жол ашады.

«Ақсу — кіелі мекен, кенді өлкем» тағылымды кітаптың тұсаукесер

Добавить комментарий