Орталық қалалық кітапханада «Абайды оқимыз, Абаймен ойланамыз» атты ой-толғау сағаты өтті. МКҚБ қызметкерлері қатысқан бұл шарада хакім Абайдың өмірі мен қара сөздерінен бастап, аудармалары мен рухани мұрасына дейін көрнекі бейнематериалдар арқылы таныстырылды. Қатысушылар Абаймен байланысы бар тұлғаларды анықтап, «Ақыл» және «Жүрек» топтарына бөлініп пікірталас жүргізіп, ойын тапсырмалары арқылы ақын ойының тереңдігін сезінді. Іс-шара соңында Абай шығармалары ұсынылған көрме тамашаланып, қатысушылар ұлы ойшылдың өнегесін жаңа қырынан бағамдады.
«Абайды оқимыз, Абаймен ойланамыз» ой-толғау сағат
