14 қараша Үлгілі балалар кітапханасында Сергей Михалковтың «Дядя Степа» поэмасының мерейтойына арналған «Сергей Михалков пен Дядя Степа ағаймен көңілді күн» атты поэтикалық микс өтті. Іс-шараға «Цветик-семицветик» отбасылық оқу клубының мүшелері қатысты. Кітапханашы кітап көрмесін таныстырып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді, балалармен бірге викторина сұрақтарына жауап беріп, түрлі тапсырмалар мен байқауларға қатысты. Шара балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, олардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, жаңа білімге ұмтылысын және ізгі істер жасау ниетін нығайтты!
«Сергей Михалков пен Дядя Степа ағаймен көңілді күн» поэтикалық микс
