Орталық қалалық кітапханада Халықаралық толеранттылық күніне арналған «Барлық әлем алақанда» атты әдеби ойын сағаты өтті. Шараға Ю.А. Гагарин атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары қатысып, мазмұнды да мәнді кездесу ұйымдастырылды.
Басқосу барысында оқушылар толеранттылық ұғымының мәні мен маңызы туралы терең ақпарат алып, өз ойларымен бөлісіп, түрлі өмірлік жағдаяттарды талқылау арқылы пікір алмасуға мүмкіндік алды. Интерактивті бөлімдерде оқушылар викторина сұрақтарына дәл әрі жылдам жауап беріп, «Норм ба / Стрем ба?» атты заманауи ойынында белсенділік танытып, өз көзқарастарын еркін жеткізді.
Іс-шараның ең жарқын әрі есте қалар ерекше сәттерінің бірі – «Толеранттылық уәдесі» атты арнайы декларация болды. Қатысушылар QR-код арқылы онлайн қол қою рәсіміне қатысып, өз тарапынан сыйластық пен құрмет құндылықтарын сақтауға ант берді. Шара соңында оқушылар «Бейбіт өмірдің бастауы – толеранттылық» атты кітап көрмесімен танысты.
«Барлық әлем алақанда» әдеби ойын
