Ақпараттық-библиографиялық бөлімде СТПЗ қызметкерлерінің қатысуымен қызықты «Байтақ елім, Қазақстан» атты квиз-ойын өтті.
Елдің тарихын, салт-дәстүрлерін және мәдениетін жақсы білуде жастар тобы мен аға буын өкілдері өзара сайысқа түсті.
Сұрақтар Қазақстанның көрікті жерлеріне, танымал тұлғаларына, әндеріне, фильмдеріне және ұлттық тағамдарына арналды.
Бұл шара өз еліне, оның бай мәдениетіне деген сүйіспеншілік барлық ұрпақты біріктіретінін дәлелдеді.
«Байтақ елім, Қазақстан» квиз-ойын
