Орталық қалалық кітапханада Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты ұрпақтар кездесу кеші, оқушылар бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу бағытында өтті. Іс-шараға ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелері «Сырласу» клубының асыл апалары және № 6 Абай Құнанбайұлы атындағы гимназия мектебінің 9 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы қонақтарды мерекемен құттықтап, мерекенің тарихы туралы мәлімет берді. Горняк орталық мәдениет сарайының театр жетекшісі Берікбай Шұғайыпұлының АрARTe театрының кіші топ өнерпаздары «Күз» өлеңінен театрландырылған композиция қойды. Оқушылар «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» тақырыбында көрініс көрсетті. Ата-аналар туралы тақпақтар оқылды. Шара соңында аталар жастарға бата берді. Қонақтар жайылған дастарқаннан дәм татты. Осы іс-шараға демеушілік жасаған депутаттар корпусына кітапхана ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
«Қарттарым – асыл қазынам» ұрпақтар кездесу кеш
