Орталық қалалық кітапханада Республика күніне арналған «Бірлік пен тәуелсіздіктің белгісі» атты әсерлі әрі мазмұнды интерактивті квиз аймағы өтті. Бұл шарада 3517 әскери бөлімінің сарбаздары мен «Мақсат» колледжінің 2-курс студенттері өздерінің білімдерін, тапқырлығын және елге деген сүйіспеншілігін танытты. Әр аймақта қатысушылар ел тарихы мен тәуелсіздік тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп, өзара тартысты да қызықты сайыс өрбітті. Мерекелік көңіл-күйді қатысушылардың Отан мен туған жер туралы жүрекжарды өлең шумақтары ерекше әрлендірді. Сонымен қатар, көрермен назарына «Республика – рухымыздың нышаны» атты мазмұнды кітап көрмесі ұсынылды.

«Бірлік пен тәуелсіздіктің белгісі» интерактивті квиз

Пікір үстеу