4 қазан Үлгілі балалар кітапханасында мұғалімдер күніне орай «Мұғалім – шабыт көзі» атты ашық әңгіме өтті. Іс- шараға орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Литвинова Алёна Васильевна және А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің 9 «Б» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларымен бірге педагог еңбегінің маңыздылығы туралы әңгімелесіп, қазіргі мұғалім қандай қиындықтарға тап болатынын және бүгінгі күні мұғалім мамандығының мәні неде екенін талқылады. Іс-шара соңында Алёна Васильевнаға оның еңбегіне деген құрмет пен алғыс белгісі ретінде гүлдер табыс етілді.

«Мұғалім – шабыт көзі» ашық әңгіме

Пікір үстеу