24 қыркүйек Үлгілі балалар кітапханасында «Кітап кейіпкерлері KitapTime-2025» атты әдеби ассорти өтті. Іс-шараға Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Балалар заманауи кітап кейіпкерлерімен кездесті және сүйікті қаһармандары әзірлеген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады: Бату достық туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді, Перси Джексон көне грек мифологиясы бойынша викторина ұйымдастырды, Гарри Поттер анаграммаларды шешуді ұсынды, ал Часодейлер сағат тетігін пазлдардан құрастыруға шақырды. Балалардың жаңа кітапқа деген қызығушылығын оятты.

«Кітап кейіпкерлері KitapTime-2025»
Tagged on:

Пікір үстеу