Орталық қалалық кітапханасында отбасы күніне орай отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу бағытында «Ана гүл, ана жыр, ана өмір шуағы» атты мейірімділік сағаты өтті. Іс-шараға «Сырласу» клубының асыл әжелері және № 2 ОМ 7 «А» сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Минжанова Қ.Ө., Ұзақбаева Қ.Ж қатысты. Кітапханашы отбасы күнімен құттықтап, мерекенің тарихы туралы мәлімет берді. Оқушылар «Ата мен бала» атты қойылым көрсетті. Ата-аналар туралы тақпақтар оқылды. Кітапхана қызметкері «Ана – өмір шуағы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

«Ана гүл, ана жыр, ана өмір шуағы» мейірімділік сағат

Пікір үстеу