Орталық қалалық кітапхана Тау-кен техникалық колледжінің ПҚБ–1 тобы студенттерімен Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт ұясы» атты тағылымы мол танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін жастар санасына сіңіру болды.
Шара барысында студенттер бір-бірімен пікір алмасып, туыстық атауларға қатысты тапсырмаларды орындап, сөзжұмбақ шешу арқылы білім көкжиектерін кеңейтті. Сонымен қатар, әр студент өз отбасындағы ұстанымдар мен «үй ережелерін» жазып, бір-бірімен бөлісті.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі — тәжірибелі кітапханашымен өткен шағын сұхбат болды. Қатысушылар «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесімен танысты.
«Отбасы – бақыт ұясы» тағылымы мол танымдық іс-шара