9 қыркүйекте Үлгілі балалар кітапханасында Қазақстан Республикасындағы Отбасы күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты әдеби отырыс алаңы өтті. Іс-шараға «Цветик-семицветик» атты отбасылық оқу клубының мүшелері қатысты. Кітапханашы кітап көрмесін таныстырып, мерекенің тарихы жайлы әңгімелеп, қатысушылармен бірге отбасының қоғам дамуына қосатын рөлі туралы пікір алмасты. Балалар мен ересектер «По страницам любимых сказок» викторинасының сұрақтарына белсене жауап беріп, отбасылық портрет салды, сондай-ақ «Семейный пазл», «Передай любовь», «Семейный крокодил» сияқты байқауларға қатысып, олар отбасы бірлігін және құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
«Мен және менің отбасым» әдеби отырыс