Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында №1 орта мектебінің 9-сынып оқушыларына «Өз мамандығыма шақырамын» атты интерактивті алаң ұйымдастырды. Кездесуге «Мақсат», Тау-кен техникалық колледжі және Степногорск қаласының Жоғары колледжінің студенттері де іс – шараға өз үлестерін қосты. Студенттердің іс – шараға келуінің негізгі мақсаты – тек өз мамандықтары жайлы баяндау емес, оқушылардың қызығушылығын ояту және колледждерін де оқудың артықшылықтарын көрсету,жұмысшы мамандықтардың болашағы зор, сұранысқа ие әрі қызықты екенін айқындап көрсету. Оқушылар заманауи 5 мамандық жайлы мәліметтермен танысты:
– аспаз-кондитер
– КИПиА реттеушісі
– химик-зертханашы
– бағдарламашы
– геолог
Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, неліктен бұл мамандықты және колледжді таңдағандарын баяндап берді. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, тікелей жауап алды.
Кім біледі — мүмкін бүгінгі 9-сынып оқушыларының бірі келесі жылы осы студенттердің орнында отырып, болашақ түлектерге: «Барлығы кітапханадағы кездесуден басталды» деп еске алып отыратын шығар…
Қызықты әрі шабыттандыратын әңгімелері үшін алғыс білдіреміз:
– Шаманаев Властемир мен Лепеспай Азизаға («Мақсат» колледжі)
– Баукова Ульяна, Отделёнов Максим және Кирина Любовьқа (Жоғары колледж)
– Аниканов Александрға (Тау-кен техникалық колледжі).
«Өз мамандығыма шақырамын» интерактивті алаң