22 мамырда Үлгілі балалар кітапханасында «Бала тілі бал» атты танымдық бағдарламасы аясында «Кітап – дос және кеңесші» атты ашық диалог өтті. Шараға жас оқырмандар Карстен Татьяна мен Карстен Елизавета қатысып, сүйікті оқылған кітаптарымен және кітаптан алған әсерлері туралы ой бөлісті. Балалар өз пікірлерін ашық жеткізіп, белсенділік көрсетті. Мұндай кездесулер оқуға деген қызығушылықты арттырып, балаларды кітаппен жақын таныстырады!
«Бала тілі бал»