14 мамыр Үлгілі балалар кітапханасында «Әжелер – отбасының берекесі» атты ойын бағдарламасы Халықаралық отбасы күніне орай өткізді. Іс-шараға Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушылары мен әже немерелері қатысты. Кітапханашы әжелердің өмірлік тәжірибесі мен даналығын дәріптеп, олардың отбасындағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, «Отбасы тәрбиесінің құндылықтары» туралы бейнеақпарат ұсынды. Әжелер мен немерелер түрлі қызықты кезеңдерден тұратын сайыстарға қатысып, өз өнерлері мен білімдерін көрсетіп, кітап көрмесімен танысты. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен тәттілер табыс етіліп, «Менің отбасым» әнін орындады.

«Әжелер – отбасының берекесі» ойын бағдарлама

Пікір үстеу